деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік органдардың, даму институттарының, мемлекеттік холдингтердің және өңірлердің қызметін үйлестіру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесінің қызметі нақты жобалар мен салаларды, сондай-ақ, бизнестің бастамашылықтарын қолдау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған.
Ағымдағы жылғы 10 шілдеде Үйлестіру кеңесінің шешімімен Үйлестіру кеңесі жанындағы қаржы құралдары және инвестициялар жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Мемлекет пен бизнес үшін үдемелі индустриялық дамуды қаржыландырудың тиімді тетіктерін қарау мен негіздеу, оның ішінде, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың проблемалық мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын ұсыну Жұмыс тобының негізі міндеті болып табылады.
Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиев Жұмыс тобының Төрағасы болып табылады, сондай-ақ, Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, даму институттарының, бизнес құрылымдардың, екінші деңгейлі банктердің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кірді.АО «Альянс Банк»АО «Альянс Банк»АО «Альянс Банк»ДБ АО «Сбербанк»ДБ АО «Сбербанк» АО «Альянс Банк»ENRC ENRC ENRC
Кездесу барысында вице-министр Ерхат Есқалиев Жұмыс тобышеңберіндегі қызмет бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастардың ашықтығын сақтау қағидатына сүйенетіндігін, нақты салаларды, оның ішінде, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қолдау жөніндегі қаржы секторының бастамашылықтарын ескере отырып, аралас салаларды қаржыландыру құралдарын қолдауға шоғырландырылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ, былай деп атап өтті: «Министрлік қазіргі күні ҮИИД бағдарламасын іске асыру үшін жаңа қаржы құралдарының кешенін пайдалануға басымдық беріп отыр, сыртқы және ішкі инвесторлармен жұмыс күшеюде, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі инвестициялық жобаларды қолдау жолдары әзірленуде.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың проблемалық мәселелері бойынша нақты ұсыныстарды қалыптастыру отырыс жұмысының қорытындысы болды.