«Салықтық-бюджеттік салада бастамаларды табысты жүзеге асыру үшін алдағы уақытта біріккен Салықтық және Кедендік кодексті, сондай-ақ жаңа Бюджеттік кодексті даярлау ұсынылады»,- деді Е. Досаев.
Сонымен қатар министр сервистік индустриалды саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіптік саясаттың жанама шараларына екпінді ауыстыруды ұсынды. Бұл тұрғыда басты рөлді жеке сектор ойнайтын болады.
Е. Досаев атаулы мемлекеттік қолдау жоғары экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындарға ғана жасалатынын атап өтті.