ҚР Үкімет басшысы Алматыда Азиада-2011 ойындарында пайдаланылатын нысандардың әзірлігімен таныс болады

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүгін Алматыда еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2011 жылы өтетін VII Азиада ойындарында пайдаланылатын нысандардың әзірлігімен танысатын болады.

ҚР Үкімет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша «Медеу» мұз айдынына, «Шымбұлақ» тау шаңғы базасы мен «Табаған» курортына, жаңа шаңғы-биатлон стадионы мен Ремизов шатқалындағы шаңғы трамплиндер кешенінде, қайта жаңғыртылған Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына барады. Сондай-ақ осы нысандарға қызмет көрсететін стансылар мен нысандарға баратын жолдарды да тексереді деп күтілуде.

Сапар қорытындысы бойынша қала әкімдігінде арнайы кеңес өткізу жоспарланған.