Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығының негізгі мәселелері және Франциямен екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. Сондай-ақ, К.Мәсімов және Р.Дюма республикадағы және ЕО елдеріндегі ағымдағы экономикалық жағдай бойынша пікір алмасты.
Р.Дюма Қазақстанға «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының сәтті аяқталуына арналған конференцияға қатысатын еуропалық сарапшылар делегациясының құрамында келді.