ҚР Үкімет басшысы Канада Парламентінің сенаторымен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Канада Парламентінің сенаторы Консильо Ди Ниномен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде Қазақстан мен Канада арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.Сондай-ақ жаһандық экономикалық үдерістердің Қазақстан мен Канада мемлекеттеріне тигізіп отырған әсері және осы орайда қолға алынған шаралар туралы әңгіме өрбіді. Бұл ретте екі елдің әлеуметтік ? экономикалық дамуына ықпал ететін көптеген жағдайлардың ұқсастығы да аталып өтілді. Кездесу барысында сенатор Канаданың Қазақстанға қатысты ұстанымы ЕҚЫҰ шеңберінде жақын екеніне тоқталды. К.Ди Нино мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тек екі жақты деңгейде емес, сонымен бірге халықаралық ұйымның қамқорлығымен де сәтті дамиды деп сесптейді. Кездесу соңында тараптар Қазақстан-Канада қарым- қатынасының әрі қарай да оңтайлы дамитынына сенім білдірді.