«Өз жауапкершілігіме ала отырып жерді қытайлық компанияларға берумен айналысатын қоғамға белгісіз құпия бағдарламаның жоқ екенін мәлімдеймін. Бұл біздің заңымыз бойынша мүмкін емес, жерге тек Қазақстан азаматтары ғана иелік ете алады. Бұл біздің принципті ұстанымымыз және ол өзгермейді!», - деді К.Мәсімов.
16:51, 15 Шілде 2011
ҚР Үкімет басшысы қазақ жерін қытайлық компанияларға беру туралы құпия бағдарлама бар деген қауесетті жоққа шығарды
АНА. 15 шілде. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Қазақ жерін қытайлық компанияларға беру туралы ешқандай да құпия мемлекеттік бағдарлама жоқ. Бұл туралы Zakon.kz ақпараттық порталында өткен онлайн-конференция барысында Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.