ҚР Үкімет басшысы Қазақстанда инвестициялар не үшін басымдықты сипатқа ие екенін түсіндірді
«Қазақстанда инвестициялар не үшін басымдықты сипатқа ие екенін еске салып өткім келеді. Қазақстан бизнес үшін ашық және бизнесті жүргізу үшін Орталық Азияда біздің ел ең үздік. Тәуелсіздік жылдарында біз дамудың қуатты тұғырнамасын құрдық. Соңғы онжылдықта Қазақстанның экономикалық өсімі екі еселенді», - деді Үкімет басшысы.
Осы орайда К. Мәсімов бүгінде Қазақстан экономикасы зерделенген инвестициялық саясаттың арқасында әртараптандырыла түскенін атап өтті.
«Біз Орталық Азияға миллиардтаған долларды тартудамыз. Орталық Азиядағы барша шетелдік инвестицияның төрттен үш бөлігін Қазақстан тартып жатыр. Сонымен қатар инвестициялық үрдіс қарқын алып келеді. Нәтижесінде, біздің бәсекелестік артып, экономикамыздың оңтайлылығы нәтижелі болуда», - деді Премьер-Министр.