ҚР Үкімет басшысы КО және БЭК мүше елдер Үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов КО және БЭК мүше елдер Үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты.

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасын талқылау күн тәртібіндегі басты мәселе болды. Атап айтқанда, мұнай газ, ауыл шаруашылығы, темір жол мен автокөлік тасымалына қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Кездесу қортындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында К.Мәсімов «бүгін барлық даулы мәселелер талқыланып, ішінара түзетулерден кейін құжат Мемлекет басшыларының қол қоюына дайын болады»,-деді.

«Келіссөз процесінің өн бойында біз негізгі принцип ретінде қатысушы елдердің экономикалық мүдделеріне сәйкестікті басшылыққа алдық»,-деп атап көрсетті ҚР Үкіметінің басшысы.