ҚР Үкімет басшысы «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулыға қол қойды

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2011 жылғы 31 қазандағы «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» №1247 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 31 қазан №1247 Астана, Үкімет Үйі 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоксандағы Кодексінің (Салық кодексі) 431-бабының 2-тармағына, 569-бабының 2-тармағына, 571-бабының 4-тармағына, 576-бабының 4-тармағына, 646-бабының 9-тармағына, 650-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) патент беруден бас тарту туралы шешімнің нысаны;

2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешімнің нысаны;

3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

4) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

5) бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;

6) бақылау-касса машинасы пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органы рұқсатының нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

                                                                           Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Құжаттар нысандарының үлгілері республикалық БАҚ-тарда жарияланды.