ҚР Үкімет басшысы «ССКБӨБ» үшін кадрларды даярлайтын оқу орталығына барды

None
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР Премьер-Министрі корпоративтік оқу орталығына барды.

Бұл туралы ҚР Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Мұнда ол Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік орталығы үшін кадрларды даярлау жүйесімен танысты.

 Үкімет басшысы орталықтың білім бағдарламалары және жаттықтыру сыныптарының мүмкіндіктері жайлы хабардар етілді.