ҚР Үкімет басшысы ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасын қабылдады
17:16, 20 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Тәуелсіз мемлекеттер достастығының атқарушы хатшысы – Атқарушы комитеттің төрағасы Сергей Лебедевпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында алда, мамырдың 22-де Астанада өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтер басшылары кеңесінің ( ТМД ҮБК ) күн тәртібіндегі кейбір мәселелер талқыланды.Тараптар ТМД ҮБК қатысушылардың барлығы да үйлесімді өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтіп, алдағы мәжілістің нәтижелі боларына сенім білдірді.