ҚР Үкімет жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес 2011-2020 жылдары республикада білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылады

АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес өткізді,

деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен.

Аталған кеңестің мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа міндеттерін есепке ала отырып, 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқыға салды.

Сонымен қатар «Заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік енгізу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

Талқылау соңында К.Мәсімов айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып құжатты пысықтауды тапсырды.