Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан мен АҚШ арасында мемлекеттік-жекеменшік экономикалық серіктестікті құру бастамасы аясында өтіп жатқан дөңгелек үстелде Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының президенті Джефф Эрлих мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен ұдайы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың блогындағы көтерілген мәселелерді қараймын. Премьер-Министр бүгінде осындай блогты жүргізуді министрлерден де талап етіп отыр. Меніңше, осындай блогтың сапасы өте жоғары. Атап айтқанда, мен ондағы ашықтықтың деңгейіне таң қаламын, себебі Қазақстан Үкіметі басшысымен блогта айқын диалог жүргізіледі»,-деді ол.
Осы орайда Джефф Эрлих Қазақстанның мемлекеттік органдарының WEB - сайттары өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Интернетті Үкімет пен мемлекеттік органдар тарапынан пайдалану шаралары ары қарай жалғасуы тиіс. Мүмкін бұл жұмыстарға тағы да инвестициялар мен әдістемелер қажет шығар, дегенмен де Интернет ресурсын кеңінен қолдану бағытында мемлекет тиісті қадамдар жасауы керек деп санаймын»,- деді ол.