ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекітті

None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкіметтің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ-тар.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 12 қазан №1294 Астана, Үкімет Үйі

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына , «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 , 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты ;

2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты ;

3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Аталған стандарттар республикалық БАҚ-тарда жарияланды.