ҚР Үкіметі электрондық мемлекеттік сатып алулар өткізу ережелерін бекітті

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі электрондық мемлекеттік сатып алулар ережелерін бекітті. «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі қаулы мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы сәуірдің 2-сі №281

Электрондық мемлекеттік сатып алулар ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы шілденің 21-індегі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса ұсынылып отырған Электрондық мемлекеттік сатып алулар туралы ереже бекітілсін.

2.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К. МӘСІМОВ

Ережелер ресми баспасөзде жарияланды.