ҚР Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар еңбек нарығындағы жағдайға оң ықпал етті - Вице-Премьер

ң 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Қазақстан Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар 2009 жылдың   екінші тоқсанында еңбек нарығындағы жағдайға оң ықпал етті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар, оның ішінде «Жол картасы» аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында еңбек нарығындағы жағдайға оң ықпал етті. Статистика жөніндегі агенттіктің бағалауы бойынша, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыздан 6,7 пайызға дейін төмендеді», деді Е. Орынбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл көрсеткіш  дағдарыс басталғанға дейінгі кезеңнің, яғни 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда біршама төмен.