ҚР Үкіметі Қаржы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті

None
АСТАНА. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсанның 23-індегі №1199 қаулысына қол қойды. ҚазАқпарат осы қаулының мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1199 Қаулысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.Қаулының толық мәтіні республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.