13:13, 22 Қараша 2013
ҚР Үкіметі отандық авто өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігін енгізуі мүмкін
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Еліміздің Үкіметі отандық авто өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігін енгізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Сарапшы-200-Қазақстан» ірі бизнестің 5-ші экономикалық форумында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.
Қазақстанда отандық авто өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігін енгізу жайы қарастырылуы мүмкіндігін жоққа шығармаған Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бұл мәселе Ресеймен автокөліктерді кәдеге жаратып құрастыру бойынша келісімге келмеген жағдайда қолға алынбақ. «Біз 2015 жылға қарай экспорттық-импорттық баж салығына орай өзара қарым-қатынастың барлық түйіндерін тарқатқанша бұл мәселенің шешімін қалай болғанда да табамыз»,- деді С.Ахметов. Жалпы, Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында 3 мың тауар түрін әкімшілеу бойынша мәселелер туындап отыр.