ҚР Үкіметі отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін бекітті
08:03, 16 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің 2010 жылғы мамырдың 17-сіндегі №423 «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін бекіту» туралы Қаулысына қол қойды,
деп хабарлайды республикалық ресми басылымдар.
Қаулының толық мәтіні БАҚ беттерінде жарияланды.