ҚР Үкіметі отырысы Интернет арқылы тікелей көрсетіле бастады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы Интернетте онлайн-трансляция арқылы басталды. Бүгінде елімізде қарқынды енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың арқасында тікелей көрсетілімді көруге мүмкіндік туып отыр.

Қазақстандықтар мәжілістің көрсетілімін дүйсенбі күні сағат 10.00-да «Қазақстан» телеарнасының порталында - www.kaztrk.kz немесе BNews.kz агенттігінің www.bnews.kz порталында көре алады.