ҚР Үкіметі отырысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері қаралады
11:26, 14 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 маусымда Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн тәртібінде бизнесті дамыту және қолдау, сондай-ақ мүлікті жария ету бойынша науқан өткізу мәселелері қаралады.