"Үкімет қаулысы бойынша бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы: төрағасы - Ахметов Серік Нығметұлы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; көмекшілері - Орынбаев Ерлан Тұрмаханұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Қазақтан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - Шөкеев Өмірзақ Естайұлы. Тәуелсіз директорлар - Мирчев Александр Васильевич, Ричард Эванс, Стейплтон Найджел Джон", - делінген«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ақпараттық-талдамалық порталында жарияланған ведомстваның хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жалғыз акционері.