ҚР Үкіметі сәулет және құрылыс салаларындағы лицензияланатын қызметтің жеке түрлеріне (саланың тармақтарына) талаптарды бекітті

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы лицензияланатын қызметтің жеке түрлеріне (саланың тармақтарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілді, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері күшін жойылды деп танылды.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет үйі

2012 жылдың 25 қаңтарынан

№162

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы лицензияланатын қызметтің жеке түрлеріне (саланың тармақтарына) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

2001 жылдың 16 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және 2007 жылдың 11 қаңтарындағы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы лицензияланатын қызметтің жеке түрлеріне (саланың тармақтарына) қойылатын ұсынылған біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 маусымындағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы қызметті лицензиялау және біліктілік талаптарының Ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулы актілерінің жинағы, 2007 жыл, №23, 261 бап);  

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 6 мамырындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі №555-інші қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №422-інші қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулы актілерінің жинағы, 2008 жыл, №23, 221 бап);

3) Қаулы ресми жарияланған алғашқы күннен кейін жиырма күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

                                                                             Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілгенсәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы лицензияланатын қызметтің жеке түрлеріне (саланың тармақтарына) қойылатын біліктілік талаптары республикалық басылымдарда жарияланды.