ҚР Үкіметі сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекітті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2011 жылғы 1 қарашадағы «Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы» №1259 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.

***

Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

                                                   2011 жылғы 1 қараша №1259  Астана, Үкімет Үйі


«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                   Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ

Аталған қағидалар республикалық БАҚ-тарда жарияланды.