ҚР Үкіметі табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері тізбесіне өзгертулер енгізді

ТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері тізбесіне өзгертулер енгізді. ҚазАқпарат агенттігі құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 26 тамыз , Астана, Үкімет Үйі

«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:

1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне:

жергілікті деңгейде байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін;

ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу;

2) қосылатын байланыс операторларымен:

Қосылатын байланыс операторлардың телекоммуникация желілерінен жергілікті телефондық трафигін;

қосылатын ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетімділік тораптарынан) (-на) телефондық трафигін өткізу.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.