Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет үйі. 2010 жылғы сәуірдің 14-і №305
Тұжырымдамалар, доктриналар жасау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы маусымның 18-індегі №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұжырымдамаларды, доктриналарды жасау ережелері бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Мәсімов