«Өткен айда біз әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтыладық. Шындығында, болжам жыл қорытындысы бойынша 5 пайыздан 4,3 пайызға төмендетілді. Ол 10 айдың қорытындысы бойынша экономика салаларында орын алған шынайы динамиканы көрсетеді», - деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, жоспарланған көрсеткіштер орындалатын болады.
«Толықтай алғанда, біз жыл қорытындысы бойынша бұл болжамның орындалатындығын зор сеніммен күтеміз», - деді М.Әбілқасымова.
Айта кетейік, бұған дейін хабарланымыздай, Ұлттық экономика министрлігінің алдын ала бағалауына сәйкес еліміздің ішкі жалпы өнім өсімі 4,2 пайызды құрады.