ҚР Үкіметімен теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы бекітілді

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2011 жылғы 21 маусымдағы №682 «Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 21 маусым №682, Астана, Үкімет Үйі

Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қағидалар ресми БАҚ беттерінде жарияланды.