деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕҚДБ-ның Қазақстанның идустрияландыру, әртараптандыру және инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Тараптар ЕҚДБ-ның 2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына, орнықты энергетиканы дамыту шараларына, сондай-ақ Қазақстанның жеке кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасына қатысуының перспективаларын қарады.
Бұдан басқа, 2011 жылы Астана қаласында өтетін ЕҚДБ басқарушыларының жыл сайынғы 20-шы жиналысына әзірлік мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында К.Мәсімов пен О.Декамп Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ойдағыдай және жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.