ҚР Үкіметінің «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат -  «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №771

2012 жылғы 9 маусым, Астана, Үкімет Үйі

 «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.Мәсімов.

Қаулының қосымшасы басылым берттерінде жарияланған.