Мұндай мәлімдемені бүгін Қырғызстанның астанасында өткен ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлімдеді.
«Азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттігін талап етуде. Энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Ұйымның Іскерлік кеңесінің қамқорлығымен ШЫҰ-ның энергетикалық клубын құру перспективалы болып көрінуде», - деді С. Ахметов.