ҚР Үкіметінің басшысы мен Франция елшісі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібін талқылады

None
СТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Шарл Бертонэмен кездесу өткізді.

ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметінің хабарлауыша, тараптар екіжақты қазақстан-францкз сауда-экономикалық қатынастарының перспективаларын, сондай-ақ Астанада ағымдағы жылы шілдеде өткізілуі жоспарланып отырған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы күн тәртібін талқылады.