ҚР Үкіметінің басшысы Павлодар қаласындағы «Каустик» АҚ құрылысы барысымен танысты

None
АВЛОДАР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Павлодар химия зауыты базасында құрылған «Каустик» АҚ құрылысы барысымен танысты.

Үкімет басшысы Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеделдете индустриаялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында аяқталып жатқан жобалардың жүзеге асырылуы барысы туралы баяндамасын тыңдады. Содан кейін, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысын және Кеден одағы мәселелерін талқылады.

«Каустик» АҚ-ы сұйық хлор, натрий гипохлоридін, «Белизна» техникалық ағартқышын, базальт талшықтары негізіндегі жылу оқшаулау материалдары мен өнімдерін шығарады.