ҚР Үкіметінің екі қаулысына өзгерістер енгізілді
ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 13 желтоқсан №1335 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті аткарушы органдар
құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің
заттай нормаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1563
және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын
бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1563 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №3, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларында;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21. |
Хладогенті бар термосыйымдылық (мөлшері 100x100x200 см көп емес) |
дана |
1 |
0 |
»;
2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы калалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстая Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №22, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14. |
Хладогенті бар 1 термосыйымдылық |
Мөлшері 100x100x200 см көп емес. |
»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қосымша мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.