ҚР Үкіметінің қаулысымен Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын пайдалану қағидалары бекітілді

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1397 қаулысымен Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1397 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары; 2) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Құжаттың толық мәтіні республикалық басылымдарда жарияланды.