ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 7 қараша №1305 Астана, Үкімет Үйі

 Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

 «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

  Әдістеменің ережесі баспасөзде жарияланды.