ҚР Үкіметінің қаулысымен Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары бекітілді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 19 сәуір №488 Астана, Үкімет Үйі

  Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

  «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

  

Құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланды.