ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет үйі, 2011 жылғы 31 мамыр № 608
Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов