ҚР Үкіметінің Қаулысымен қозғалыстың сигнал беру, блокадалау, байланыс және ақпараттану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

None
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қозғалыстың сигнал беру, блокадалау, байланыс және ақпараттану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет Үйі 2010 жылғы шілденің 31-і, №769

«Қозғалыстың сигнал беру, блокадалау, байланыс және ақпараттану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің бекітілуі туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы қарашаның 9-ындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • 1. Ұсынылып отырған «Қозғалыстық сигнал беру, блокадалау, байланыс және ақпараттану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекітуді ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.
  • 2. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ