ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережелері бекітілді

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі №2336 қаулысымен ҚР тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережелері бекітілді.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы сәуірдің 16-сындағы Заңының 10-бабының 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы маусымның 3-індегі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу тәртібін бекіту туралы» №458 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы ҮҚАЖ, 1993 ж., №21, 265-ст.).

3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.

Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланады.