ҚР Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 18 қыркүйек №983 Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі республикалық ресми БАҚ-та жарияланды.