ҚР Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 4 ақпан №46 Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қаулының мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.