ҚР Үкіметінің қаулысымен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу  қағидалары бекітілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №727

2012 жылғы 1 маусым, Астана, Үкімет Үйі

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу  қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы №727 қаулысымен бекітілген

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабыйың 17-12) тармақ­шасына сәйкес әзірленді және ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік орман мониторингі орман қорын күзету, қорғау мен пайдалану және ормандарды молықтыру ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйі мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесін білдіреді.
3. Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізуді осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
2. Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібі
4. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - атқарушы органдар) орман қорында болған өзгерістер туралы мәліметтер береді.
5. Атқарушы органдар ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдар дайындап, ол­ар­ды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына береді.
6. Аумақтың қамтылуына байланысты ормандардың республикалық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылады:
1) республикалық - Қазақстан Республикасы орман қорының бүкіл аумағын қамтиды;
2) өңірлік - физика-географиялық, әкімшілік, орман-өсімдік, орман-экономикалық шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;
3) жергілікті - орман қорының жекелеген учаскелеріне және орманның экологиялық жүйелерінің қарапайым құрылымдарына дейін өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі.
7. Ормандардың мониторингі:
1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелі қадағалауды орындау (іздестіру, таспаға түсіру, тексеру, түгендеу);
2) орман қорының жай-күйіне бағалау жүргізу;
3) орман қорының жай-күйіне антропогендік әсерлерді реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) белгілі бір уақыт кезеңіне орман қорының жай-күйіне болжам әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
8. Орман қорының жай-күйін бағалау жүргізілетін қадағалауды талдау, өзгерістердің бағыты мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
9. Орман қорының жай-күйінің нәтижелері бойынша жедел жиынтық мәліметтер, баяндамалар, ұсыныстар және ғылыми болжамдар оларға әсіресе теріс сипаттағы өзгерістердің даму серпінін, бағыты мен қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар, кестелер қоса беріліп жасалады.
10. Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу үшін:
1) қашықтықтан зондтау;
2) орман қорының мемлекеттік есебі мен мемлекеттік орман кадастрының;
3) орман орналастырудың;
4) қор деректерінің (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың);
5) табиғи зерттеулер мен іздестірулердің материалдары пайдаланылады.
11. Ормандардың мемлекеттік мониторингінің нәтижелері қағаз жеткізгіштерде де, ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электронды жүйелерін пайдалана отырып та есептер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрінде ресімделеді.