Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Профилатикалық егу өткізілетін аурулар тізімін, оны өткізу және жоспарлы егілуге жататын халық топтары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы қыркүйектің 18-індегі Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген:
1) профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізімі;
2) профилактикалық егу өткізу туралы ереже;
3) жоспарлы егілуге жататын халық топтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республиасының Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1) егілу өткізу туралы ережеге және оның мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егілуін;
2) медицина ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты егу мақсатында көшпелі егу бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелсін.
3. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жүқпалы ауруларға қарсы халықты егуді жақсарту шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2003 жылғы мамырдың 23-індегі №488 қаулысы (ҚР ҮҚАЖ, 2003 ж., №21-22. 216-ст.);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы мамырдың 23-індегі №488 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2003 жылғы желтоқсанның 9-ындағы №1250 қаулысы (Қазақстан Республикасы ҮҚАЖ, 2003 ж., №46, 515-ст.):
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы мамырдың 23-індегі №488 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2008 жылғы қаңтардың 22-сіндегі №40 қаулысы (Қазақстан Республикасы ҮҚАЖ, 2008 ж., №1, 19-ст.).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.
Қаулының толық мәтіні республикалыө БАҚ-та жарияланады.