ҚР Үкіметінің қаулысымен «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі обьектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекілді

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат -   ҚР Үкіметінің қаулысымен «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі обьектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 3 ақпанынан, №200

  «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі обьектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  • 1. Қоса беріліп отырған «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі обьектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекітілсін.
  • 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.

 Санитарлық талаптардың мәтіні республикалық басылымда жарияланған.