ҚР Үкіметінің қаулысымен жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілді

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 2 маусым, Астана, Үкімет Үйі, № 736

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы­ның 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары ресми БАҚ беттерінде жарияланған.