ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет үйі, 2011 жылғы 9 тамыз № 920
Жекешелендіру нысандарын сату ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру нысандарын сату туралы ережелер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов