ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №39,474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілгей қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу кағидасында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Көлік құралының тежеуін басқаруды тексеру көлік құралының санатына байланысты мынадай роликтік тежеуіш стенділерімен жүргізіледі:
1) N3 және О4 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санатгары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 10 тоннадан кем емес;
3) M1 N1, О2 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.»;
41-тармақта;
4) тармақшаның он үшінші абзацы алынып тасталсын;
6) тармақшаның он алтыншы және он жетініші абзацтары алынып тасталсын;
7) тармақшаның төртінші» жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксиді қоспағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген M1 санатты механикалық көлік құралдарына қолданылмайды.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген механикалық, көлік құралдары:
1) мемлекеттік техникалық байқаудан:
2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байкаудан:
2011 жылғы шілдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда міндетті техникалық байқаудан өтеді.».
3) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 34-тармағы 6) тармақшасының және 44-тармағының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін және 2013 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
ҚР Үкіметінің қаулысы баспасөзде жарияланды.