Аталған қаулының 2, 3-тармақтарына мынадай редакцияда өзгерістер енгізілді:
«2. Агенттің 2011 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 55596799 (елу бес миллион бес жүз тоқсан алты мың жеті жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерінде бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын».
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.