ҚР Үкіметінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы қаулысы

АНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Елімізде 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің зейнетақы төлемдерінің мөлшері отыз пайызға арттылырды.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы 2010 жылғы 27 желтоқсандағы.№1415 қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

"2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жө­нін­дегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы тө­лем­дерінің мөлшерін 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайын­дал­ған зейнетақы төлемдерін алушылардың барлығына, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін отыз пайызға арттыру жүргізілсін», - делінген қаулыда.

Қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойған.